Үкімет Ұлттық қордан биыл қосымша 800 млрд теңге алуды жоспарлап отыр

Аян Өрібай

Бұл жөнінде Сенатта Ұлттық экономика министрі міндеті атқарушы Бауыржан Омарбеков айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

«2023 жылы республикалық бюджеттің кірістері бекітілген жоспардан 720 млрд теңгеге өсе отырып, ЖІӨ-нің 12,1% немесе 14,6 трлн теңге деңгейінде болжануда. Республикалық бюджетке қосымша түсімдер кіріс базасын ұлғайту, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту, цифрландыру бойынша Үкімет қабылдап отырған шаралар есебінен қамтамасыз етіледі. Мәселен, ағымдағы жылы бюджет кірістерінің біржолғы түсімдер есебінен 316 млрд теңгеге, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту есебінен 404 млрд теңгеге ұлғаяды деп күтілуде», - деді ол бюджет мәселесі талқыланған отырыста.

Оның сөзінше сонымен қатар, ұлттық деңгейдегі әлеуметтік маңызы бар жобаларды және стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін Ұлттық қордан 800 млрд теңге көлемінде нысаналы трансферт қосымша тартылатын болады.

Сенат отырысы барысында Ұлттық қордан қаражаттың азайып кеткеніне жоғары палата төрағасы Мәулен Әшімбаев назар аударды.

«Кейінгі 8 жылда Ұлттық қор 73 млрд теңгеден 57 млрд теңгеге дейін азайды. Ал міндет – арттыру еді. Біздің міндет – барынша ұлттық қорды артттыру. Сол арқылы балаларға бөлінетін қаражатты көбейту. Бізге қаржылық тәртіп керек», - деді ол.

Әшімбаевтың айтуынша, мәжіліске жаңа депутаттар, жаңа партиялар келеді. Олар да ақша сұрайды. Олардың да өз міндеттері, тапсырмалары бар.

«Кейінгі бес жылда республикалық бюджет 66 пайызға өскен. Динамика бірқарасаң жақсы, бірақ шығыс 120 пайызға артқан. Яғни шығын екі өскен. Осыған байланысты үкіметтің ұлттық қордан немесе бюджет деифицитін арттыру арқылы ақша алатыны белгілі. Бірақ басқа көз жоқ. Немесе салық азасын күшейту керек. Сол себепті қаржылық тәртіпке келуіміз керек», - деді ол.