Елімізде Олимпиадаға бөлінген қаржы тексеріле бастады

Ulysmedia

Токио Олимпиадасына мәдениет және спорт министрлігі мен ұлттық олимпиадалық комитет арқылы 15 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: Ашық дереккөзден

«Қазір мемлекет басшысының тапсырмасымен есеп комитеті Токиодағы 2020 жылғы Олимпиада ойындарына дайындыққа бөлінген бюджет қаржысын пайдаланудың тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізіп жатыр», - делінген сейсенбідегі ақпаратта.