Салық төлемей жүрген депутаттардың есімі жария болды

Ulysmedia

Салық төлемей жүрген депутаттардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: Ашық дереккөзден

«Құрметті депутаттар, сіздерден салық бойынша берешектеріңізді өтеулеріңізді сұраймыз. Сіздер оларды бірінші қазанға дейін төлеулеріңіз керек болған», - деп жазды protenge телеграм каналы.

Азат Перуашев - 54 684,60 теңге;

Азамат Әбілдаев - 43 565,6 теңге;

Сауытбек Әбдірахманов - 42 038,4 теңге;

Ерлан Смайылов - 6 680,25 теңге;

Сәлімжан Нақпаев - 2 538,95 теңге;

Дмитрий Колода - 2 481 теңге;

Берік Дүйсембинов - 557,57 теңге;

Абилфас Хамедов - 283,35 теңге;

Юлия Кучинская - 48,76 теңге.

“Бұл цифрларды Мемлекеттік Кірістер комитеті сайтынан тексеруге болады”, – деп жазды канал.