Жарнамасы жер жарған «Бөрте» спектаклін қою үшін «Түркістан музыкалық драма театры» МКҚК жалпы сомасы 246 млн 750 мың теңге шығындаған. Мемлекеттік сатып алу порталында шыққан тендердің орындалу уақыты 2021 жылдың 30 қарашасы деп белгіленген, деп хабарлайды ulysmedia.kz. Тендердің сипаттамасында бастапқы сома 40 млн теңге деп көрсетілген. Алайда белгісіз себептермен қосымша келісімшарт негізінде өзгеріс енгізіліп, жалпы сомаға тағы 206 млн теңге қосылған.