Бас прокуратура қанша қазақстандық іздеуде жүргені туралы статистика келтірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша, қазіргі уақытта 10 178 адам іздестіріліп жатыр, олардың 2 098 хабар-ошарсыз кеткен.
Жоғалған адамдардың көп бөлігі мына өңірлерде:
Алматы - 278;
Қарағанды облысы - 217;
Павлодар облысы - 170;
Алматы облысы - 152.
1 572 адам үйден шығып кетіп, қайта оралмаған, 73 адам көлігімен жоғалған, жұмыстан шығып, жоғалып кеткен - 38 адам. Көбіне 30-дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалып кетеді (77 пайыз). Сондай-а, елде тергеу мен соттан жасырынған 2 378 адам іздестіріліп жатыр. Іздеуде жүргендер негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89 пайыз).
Олардың ең көп саны алаяқтық (526), ұрлық (309) және адам өлтіру (143) дерегі бойынша:
Алматыда (496);
Астанада (183);
Шымкентте (149);
Алматы облысы (164);
Қарағанды облысы (148).
Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүзеге асыратынын еске саламыз, - делінген хабарламада.