Нұр-Сұлтан қаласының әуежайын авиаотынмен қамтамасыз ету бойынша қалыптасқан жағдайға қатысты Энергетика министрлігі қыркүйек айының басында әуежайлар мен авиакомпанияларды Павлодар мұнайхимия зауытында жоспарланған жөндеу жұмыстары туралы хабардар еткенін атап өтті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы бойынша жағдайды шешу мақсатында келесі реттегі шаралар қабылданды:
- Қазан айында Мұнай өңдеу зауыттарында (МӨЗ) қосымша 2000 тонна авиаотын шығарылады, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына қосымша көлем бөлінетін болады;
- Ірі жеткізушілер қарашаға арналған көлемдер бойынша жедел келісімшарттар жасасады және МӨЗ-ден жөнелтуді жеделдетеді;
- Сондай-ақ, ірі жеткізушілердің бірі Нұр-Сұлтан әуежайына қосымша 700 тонна авиаотын жеткізеді.
Осы орайда, әуежайлар тарапы қажет отын көлемін тек қана ірі емес, сонымен қатар шағын жеткізушілерден коммерциялық бағамен сатып алуы қажет.