«Әзербайжан үшін маңызды күн»: Тоқаев Әлиевті Жеңіс күнімен құттықтады

Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанда 8 қарашада атап өтілетін Жеңіс күніне орай Ильхам Әлиевке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиғаның мән-жайы

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауында бұл күннің Әзербайжан халқы үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті.

Мемлекет басшысының айтуынша, Жеңіс күні ел тарихында ерекше және Оңтүстік Кавказда ұзақ мерзімді бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді.

Президент Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейде екенін де атап өтіп, екі елдің стратегиялық серіктестігі алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.

Әзербайжанда 8 қарашада қандай мереке атап өтіледі?

Әзербайжандағы Жеңіс күні 2020 жылы болған Екінші Қарабақ соғысымен байланысты.

Әзербайжан мен Армения арасындағы қарулы қақтығыс 44 күнге созылды. Соғыс барысындағы шешуші оқиғалардың бірі – 8 қарашада Әзербайжан әскерінің Шуша қаласын өз бақылауына алуы болды.

Арада екі күн өткен соң, 10 қарашада Әзербайжан, Армения және Ресей атысты тоқтату туралы үшжақты мәлімдемеге қол қойды.

Сізге қызық болуы мүмкін