«Уақыт келді деп шештім»: Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының басшысы қызметінен кетті

Ulysmedia

Оның айтуынша, дәл қазір ұлттық орталықтың басшысы қызметінен кететін уақыт келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Не болды

Руслан Ембаев Ұлттық тестілеу орталығының басшысы қызметінен кетті.

Екі жарым жыл әп-сәтте өтті де кетті. Бұл еңбек, сынақ, қуаныш және күрделі шешімдер уақыты болды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырмалары аясында ҰТО командасымен бірге жоғары білімнің қолжетімділігін қамтамасыз етуде үлкен жолдан өттік. Біз ҰБТ тапсырмаларын жетілдіре бастадық және жүздеген мың жас балаға өз мақсаттарына жетуге – қалаған ЖОО-ға түсуге көмектестік. Мен бұл керемет және жауапты лауазымнан бас тартып, эстафетаны жаңа басшыға тапсыратын уақыт келді деп шештім. Ал өзіме жаңа мақсаттар мен сын-қатерлер қою керек, - деп жазады ол.

Бұл лауазымды Ембаев 2021 жылдың қазан айынан бастап атқарды.