Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа жіберілді

Қалижан Бектемір

Салтанат Нүкенованың өліміне күдікті бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia

Сот кабинетіндегі деректерге сүйенсек, іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралатын болады. Сот кеңсесінде ол туралы қосымша материалдар жоқ - «іс жариялауға жабық» делінген.

2023 жылдың 9 қарашасында Астанадағы мейрамханалардың бірінде қатты соққының салдарынан әйелдің қайтыс болғаны белгілі болды.

Іс бойынша күдікті – бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев. Оған екі бап бойынша айып тағылды:

110-баптың 2-бөлігі – «Азаптау»;

99-баптың 2-бөлігі – «Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру».

Экс-министрдің туысы Гастроцентр директорына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 432-бабы – «Жасыру» және ҚР ҚК 434-бабы – «Қылмыс туралы хабарламау» бойынша тергеу аяқталды.