Арқалық қаласынан асырап алынған белгиялық Жәнібек Жұмағұлов (қазіргі есімі – Эдди Жан) Қазақстанға тағы да келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Құрметті қазақстандық әкелер, аналар, аға-інілер мен әпке-қарындастар! Мен қазір үйдемін. Бірақ соңғы уақытта қайда барып, не істеп жүргенім жайлы сіздермен бөліскім келеді.
Үйге қайтар жолда мен Сингапурда бірнеше күн аялдап, керемет адамдармен таныстым! Сіздерге айтатын жаңалықтарым көп. Әзірше оларды құпияда сақтауым қажет.
1-2 аптадан кейін басқа да жаңалықты айтамын, - деді ол.
«Анамды табамын деп үміттенемін...»
Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы бұған дейін әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына үндеу жолдаған болатын.
Сәлем достар, мен Қазақстанға, туған жерге барғаннан кейін Қазақстандық медиада шетелге бала сату мәселесі жиі талқылана бастады. Маған бұл ойды қабылдау қиын. Өйткені мені емес, басқа баланы асырап алу керек еді. Мен жақын арада биологиялық анамды табамын деп үміттенемін, - деді ол.
«Қазақ халқы менің өмірімді өзгертті»
Сондай-ақ оның қазақ тілін үйреніп жатқанын жазған болатынбыз.
Менің арманым туралы - терең мұхитке сүңгу. Соңғы бірнеше күнде диплом алдым. Мен сізді өзіммен бірге арманыма апарғым келеді, қазақша сөйлеп (сөйлеуге тырысып).
Қазақстан және қазақ халқы менің өмірімді өзгертті. Менің әлемге көзқарасым және сезімдерім оң дамыды. Сізге тағы да рахмет, – деп жазба қалдырды Жәнібек.
Еске салсақ, Жәнібектің оқиғасынан кейін Арқалықта қылмыстық іс қозғалды.