«Тоңазытқыштың артына тығылып қалды». Атырауда бала тоқ соғып көз жұмды

Ulysmedia

10 жастағы ұл бала тоқ соғып қайтыс болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

ATPress.kz-ның мәліметінше, қайғылы жағдай 30 қазан күні болған.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 2011 жылы туған бала ойнап жүріп тоңазытқыштың артына тығылып, сол жерде тоқ соққан. Бұл туралы полиция қызмекерлеріне баланың әжесі хабарлаған.

«14:45-те хабар келді. 14:51-де бригада оқиға орнында болды. Бала жедел жәрдем қызметі жеткенше тіл тартпай кетті. Баланың денесінде жарақат ізі байқалмайды. Мәйіті сараптамаға жіберілді. Аталған факті бойынша тексеріс жүргізіледі», - делінген хабарламада.