Қазақстанда ерлі-зайыптылардың ажырасу оқиғалары көбейіп келеді

Қалижан Бектемір

Қазақстанда 2021-2023 жылдары некені бұзу туралы сотқа 250 мыңнан астам өтініш келіп түскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Жоғарғы сот 2021-2023 жылдары некені бұзу туралы соттар қараған істердің саны артқанын мәлім етті.

Мәселен, соттарға 2021 жылы 80 мыңнан астам, 2022 жылы 82 мың, 2023 жылы 78 мыңнан астам іс пен арыз түскен. Олардың тең жартысына жуығын сот қанағаттандырған.

Ажырасқысы келетіндер Алматыда, Алматы мен Қарағанды ​​облыстарында көбірек. Ең азы - Ұлытауда. Апелляция – 89 (шешімге шағымғандардың 8,1%), кассация – 4 сот актісін (3,7%) бұзды.

Сондай-ақ жыл сайын некеге тұрғысы келетіндер азайып бара жатқаны белгілі болды.

Мәселен, 2021 жылы АХАТ органдары 120 мыңнан астам неке тіркесе, 2022 жылы – 128,4 мың, 2023 жылы – 120,9 мың некені тіркеген.

Салыстырмалы түрде айтсақ, 2017 жылы 140 мыңға жуық жұп шаңырақ көтерген.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ұлттық статистика бюросы ажырасу бойынша Қазақстан әлемде екінші орында тұр деген ақпаратты жоққа шығарған болатын.