«Тағы бір Салтанаттың өлгенін күтеміз бе?»: Желіде әйелін аяусыз ұрған еркектің видеосы тарады

Ulysmedia

Әлеуметтік желіде бұрынғы күйеуінен көшеде соққы жеген Салтанат есімді әйелдің видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

Бұл туралы «Балалар қорғауда» жеке қорының басшысы Жанна Ахметова facebook-парақшасында жазды.

Не болды

Бізге тағы бір Салтанатты құтқару керек. Әйелдің есімі шынымен Салтанат.

Құбыжықпен 11 жыл отасқаннан кейін әйел ажырасу шешімін қабылдайды. Оның шырмауынан әрең құтылған ол балаларын алып, Тараздан Алматыға көшеді.

Енді ол келіп, оны осында қуып, қайтаруға мәжбүр етіп жүр.

Биыл 1 сәуірде «Life Town» тұрғын үй кешенінде оған шабуыл жасап, телефонын сындырып, ұрып-соққан. Қараңызшы, ол қандай психопат. Әйелді, балаларының анасын қандай күшпен ұрып жатқанын қара! Ол да жан-жағына жалтақтай қарап, ешкім көрмейтіндей дайындалды. Спортик... – деп жазды ол.

Сараптама дайын емес

Жанна Ахметова ер адам Таразға кетіп қалғанын айтты.

Өтініш сәуір айының басынан бері Алмалы аудандық ПБ-да жатыр, сараптама дайын емес. Құбыжық Таразға кетіп қалды.

Біреулер оны белгілі заңгер немесе адвокат дейді. Мүмкін біреу «ас үй боксшысын» таныған шығар, мұқият қараңыз.?

Неліктен ол әлі ұсталған жоқ? Біз тағы бір әйелді өлтіруді күтеміз бе? – дейді ол.

Полиция не дейді

Алматы ЖКО-да аталған факті бойынша полиция қызметтері тексеру жүреккенің хабарлады. Жиналган материалдар сотка жауапка тарту үшін жіберілді, – дейді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.