Алматы облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды

Ulysmedia

Алматы облысындағы Ұйғыр ауданы, Шонжы – Ақсу – Ұзынтам тасжолында көлік апаты болып, 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Ауди және Ниссан маркалы көліктер соқтығысып, арты өртке ұласқан.

«Екі көліктің жүргізушілері мен бір жолаушы оқиға орнында қаза болды. Тағы үш адам Шонжы ауылының ауруханасына жеткізіліп, алған жарақаты салдарынан 2 адам көз жұмды. 5 жасар бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр", - делінген баспасөз хабарламасында.

ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлімі бойынша (абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталды.