×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Шахтада көз жұмған кеншілердің отбасыларына 10 жылдық жалақы беріледі

07.11.2021, 18:03
Фото: ашық дереккөз

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қарағандыда өткен онлайн брифингіде «Аба»й шахтасында көз жұмған кеншілердің отбасына 10 жылдық жалақы есебінде ақшалай көмек берілетінін айтты6 деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрдің қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына жан-жақты көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

«Жұмысшы мен жұмыс беруші арасында жасалған еңбек шартына сәйкес, барлық қаза тапқандардың отбасыларына он жылдық еңбекақы төленетін болады. Одан кейін жеке келісімшарттар аясында несиелерді жабу мәселесі қаралады. Қазіргі таңда марқұмдардың студент балалары болса, олардың оқу ақысын төлеу мәселесі қарастырылатын болады», - деді Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.

Министр жеке еңбек келісім-шарттары негізінде компания мұқтаж отбасыларға баспана беру туралы шешім қабылдауы мүмкін екенін де айтты. 

Еске сала кетсек, бүгін таңертең Қарағанды облысы Абай қаласындағы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына тиесілі шахтада метан газы тарап, 6 жұмысшы қаза тапқан болатын. Шахтада барлығы 64 жұмысшы болған, оның 56-сы дереу эвакуацияланды.

ҚР ТЖМ-ның мәліметінше, Қарағанды облысындағы шахтада метан газының кенеттен шығуы орын алды. Бүгін сағат 08.37-де Абай қаласындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Абай КД шахтасында желдеткіш Штрек 3-К10 түбінде метан газының кенеттен шығуы орын алған.

Сондай-ақ, кеншілердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Серіктес жаңалықтары