Алматыда құрылыс алаңында жұмысшы ажал құшты

Ulysmedia

Алматыда құрылыс алаңында жұмысшы биіктіктен құлап, мерт болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға «Самал-3» шағын ауданындағы құрылыс алаңында болған. 25 жастағы құрылысшы қауіпсіздік белдігінсіз биіктікте жұмыс істеген.

«Жас жігіт медициналық топ келгенге дейін тіл тартпай кетті. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша арнайы сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Соның қорытындысы бойынша оқиғаға құқықтық баға беріледі», - делінген баспасөз хабарламасында.