Қазақстанда түсірілген фильм Жапонияда өткен байқауда жеңімпаз атанды

Ulysmedia

Қазақстанның танымал режиссері Дәрежан Өмірбаевтың «Ақын» фильмі Жапонияда өткен байқауда жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Әлемдегі үздік 15 кинобайқаудың қатарына кіретін Tokyo International Film Festival 1980 жылдан бері өткізіліп келеді. Дәрежесі Канн, Венеция және Берлин кинофестивальдерінен кем емес.

Биылғы шараға 113 елден 1500-ден астам өтінім келіп түскен. Нәтижесінде фестивальдің басты байқауына 15 кинотуынды іріктелді. 10 фильм алғаш рет көрерменге ұсынылды. Соның қатарында қазақстандық «Ақын» фильмі де бар.

Картинада технология жедел дамып жатқан ғасырда қоғамға қажетсіз болудан қорқатын ақынның қиын тағдыры баяндалады. Фильмнің түсірілімі Махамбет Өтемісұлы кесенесінен басталып, Алматы, Қапшағай, Атырау қалаларында жалғасты. Кинорежиссердің айтуынша, жақын арада елімізде фильмнің премьерасы өтеді.