Нұр-Сұлтанда сауда орталықтарына тек екпе алғандар кіргізіледі

Ulysmedia

Астанада 15 қарашадан бастап сауда және ойын-cауық орталықтарына кіруге тек «жасыл» мәртебесі бар, яғни коронавирусқа қарсы екпе алған азаматтарға ғана рұқсат етілетін болды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова осындай қаулыға қол қойып отыр.

«Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлік субъектілері: сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысын жұмыс және демалыс күндері қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз «жасыл» мәртебесі болған жағдайда (вакцинация, сынамалар алынған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар тест ПТР, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған) штаттық жұмыс кестесін белгілей отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып ұйымдастыруды қамтамассыз етсін», делінген құжатта.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мұндай шектеуден бизнестің зардап шегетінін ескертті. ҰКП мамандары сауда және ойын-сауық орталықтары келушілер мен сатып алушылардың 25%-ын жоғалтуы мүмкін деп санайды.