Қазақстанға солтүстік-батыс циклоны келіп, күн суытады

noaa.gov

Синоптиктер Қазақстандағы алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады. Елдің бірқатар өңірінде ауа температурасы -5 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

27 қараша, жұма күні Қазақстан аумағындағы ауа райына солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Соның салдарынан елдің басым бөлігінде ауа райы күрделеніп, жаңбыр мен қар жауады.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Ауа температурасы әзірге айтарлықтай өзгермейді. Алайда 28 қарашадан бастап батыс, солтүстік-батыс және орталық өңірлерде сынап бағаны -5...0 градусқа дейін төмендейді.

Оңтүстік-батыс пен шығыста 0...+5 градус, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда +5...+10 градус болады. Таулы аудандарда ауа температурасы -5...0 градусқа дейін төмендейді.

Сізге қызық болуы мүмкін