Елімізде коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясовтың 2021 жылғы 26 қазандағы № 48 қаулысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Қаулыға сәйкес, Аргентина Республикасында, Мажарстанда, Грузияда, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында, Перу Республикасында, Сан-Марино Республикасында, Сербия Республикасында, Тунис Республикасында, Үндістан Республикасында, Филиппин Республикасында, Таиландта, Түркия Республикасында және Эстония Республикасында берілген азаматтардың КВИ-ге қарсы вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылады.
«Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді», - делінген құжатта.