Түркістан облысында жыл басынан бері 17 бала суицид жасады

Ulysmedia

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 81 кәмелетке толмаған бала өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

5 жастан 18 жасқа дейін ең аз суицид Маңғыстау және Атырау облыстарында. Павлодар облысында бірде-бір жағдай тіркелген жоқ. Түркістан және Алматы облыстарында 20 жуық бала өзіне қол жұмсаған.

2011 жылы Қазақстан Үкіметі суицид – 15 пен 19 жас аралығындағы адамдар өлімінің негізгі себебі екенін ресми түрде мойындады.