Түркияның қонақ үйлерінен «all inclusive» жүйесі алынып тасталуы мүмкін

Дастан Кенжалин

Түркияның қонақ үйлерінен «барлығы қосылған» жүйесі алынып тасталуы мүмкін. Бұл туралы «барлығы қосылған» жүйесінің негізін қалаған кәсіпкерлердің бірі Завер Алкай айтты, деп хабарлады Ulysmedia.kz. hurriyet.com-ға сілтеме жасап.

Сергей Мальгавко/ТАСС

ЕНДІ ТАМАҚТЫҢ САПАСЫНА МӘН БЕРЕТІН КЕЗ КЕЛДІ

Оның айтуынша, Түркияда осы кезге дейін бірнеше рет «барлығы қосылған» жүйесін алып тастау ұсынылған болатын. Өйткені, бұл жүйе 1990-жылдары елге туристерді көптеп тартуға керек болған. Енді тамақтың сапасын жақсарту керек. «Барлығы қосылған» жүйесінде тамақтың сапасына көп көңіл бөлінбеді.

Түрік отельерлеріне туристерге ұсынатын қызмет түрін қайта қарау керек деп ойлаймын. Егер тамақ пен басқа да қызмет түрінің сапасы жақса болса, қалталы туристер де ақшаны аямай жұмсайды. Сол үшін бізге ақшаны үнемдемей, сапаға баса көңіл бөлу керек, - деді ол.

«ҚАЛТАЛЫ НЕМІС ТУРИСТЕРІН КҮТЕМІЗ»

Былтыр Түркияның белгілі туроператоры Эрол Гюдьдал да түрік қонақ үй иелерінің «барлығы қосылған» жүйесінен шығып, қалталы неміс туристерді елге тарту үшін жартылай пансион жүйесіне ауысуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Ресми дерекке қарағанда, былтыр Түркияны 56,7 млн турист аралаған.  Анадолы еліне Ресейден туристер көп барған. Бұл елде Ресейдің 6,3 млн азаматы демалған.