Балаңыз мектепке дайын ба? Психологтың ата-анаға бес кеңесі

Дастан Кенжалин

1 қыркүйек – Білім күні де жақындап келеді. Осы күні мыңдаған бала мектеп табалдырығын аттап, бірінші сынапқа барады, деп хабарлады  Ulysmedia.kz.

tolqyn.kz

Бүгін Оқу-ағарту министрлігі ата-ананың мектеп жасына келген баланы оқуға дайындау үшін не істеу керектігі туралы мәлімет жариялады. Бұл кеңесті көпшілікке практикалық психолог Әйгерім Дәулет айтып берді. 

Сынып оқушысын мектепке дайындау бала мен оның отбасы өміріндегі маңызды кезең. Оған қажетті дағдылар мен білімдерді меңгеру ғана емес, өмірдің жаңа кезеңіне психологиялық дайындық та қажет, - деді ол.

Ол бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған негізгі қадамдар мен ұсыныстардың бес негізгі бөлімді қамтитынын атап өтті.

Енді оқырман назарына сол бес бөлімнен тұратын кеңесті ұсынамыз.

БІРІНШІСІ – ҚАЖЕТТІ ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУ 

Бірінші кезекте баланы өз бетінше киінуге, бауын байлауға, түймелерін түймелеуге үйретіңіз. Жуыну, тістерін тазалау, заттарын жинау сияқты өзі өз өзіне қызмет көрсету дағдыларын қалыптастырыңыз. Адаммен қалай танысу керек, құрдастарымен және ересектермен қалай қарым-қатынас құру дағдыларын дамытуға тырысыңыз. Баланың өз сезімдері мен қажеттіліктерін сөзбен білдіруге үйретіңіз. Баланың негізгі түстер мен пішіндерді, әріптерді, сандарды үйренуіне көмектесіңіз.

Ұсақ моториканы жаттықтырыңыз. Мүсіндеу, сурет салу, зайкамен жұмыс істеу сияқты жұмыспен көбірек айналысыңыз.

ЕКІНШІСІ – ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ

Мектеп туралы жақсы пікір айтыңыз. Балаңызға оның көптеген жаңа және қызықты нәрселердің күтіп тұрғанын жеткізіңіз. Оған жаңа достар мен қызықты сабақтардың болатынын түсіндіріңіз. Балаңызды мектептегі тәртіп ережелерімен таныстырыңыз. Сабақта, асханада және үзіліс кезінде өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріңіз. Күн тәртібін, ерте тұруды, тұрақты тамақтану мен ұйқы уақытын біркелкі енгізіңіз.

ҮШІНШІСІ – ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ЖАСАУ

Оқуға ыңғайлы орын дайындаңыз. Үстел, орындық, кітаптар мен керек-жарақтарға арналған сөрелерін алдын ала дайындап қойыңыз. Жақсы жарықтандыру жағдайларымен қамтамасыз етіңіз.

Мектепке қажетті заттарды сатып алыңыз. Рюкзак, дәптер, қаламдар мен қарындаштар. Баланың оқуға деген қызығушылығы мен ынтасы болуы үшін кейбір нәрселерлерді өзі таңдауға мүмкіндік беріңіз.

ТӨРТІНШІСІ – ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ

Мүмкін болса, болашақ сыныптастарымен және мұғаліммен алдын ала таныстырыңыз. Балаға мектепті аралатып, көрсетіңіз. Сонда ол ненің қайда екенін білетін болады.

Балаңыздың мазасыздығын азайту үшін мектеп туралы барлық сұрақтарына жауап беріңіз. Оның қорқыныштары мен күмәндарын жоюға тырысыңыз. Бұл өмірдің қалыпты екенін көрсету үшін мектептегі тәжірибеңіз туралы әңгімелесіңіз.

БЕСІНШІСІ – ҚОЛДАУ ЖӘНЕ НАЗАР АУДАРУ

Мектепке барған алғашқы күндері балаңызға оның мектеп туралы әңгімелеріне көңіл бөліп, қызығушылық таныту арқылы қолдау көрсетіңіз. Балаңызды тыңдауға және оған жаңа ортадағы жағдайын түсінуге көмектесуге дайын болыңыз.

Есте сақтаңыздар! Әрбір баланың ерекшеліктеріне сай оның мектепке бейімделуі бір айдан алты айға дейін созылуы мүмкін. Оның қажеттіліктері мен эмоцияларына мұқият болу қиындықтарды ескеруге көмектесу және жетістіктеріне қуану өте маңызды.

Практикалық психолог Әйгерім Дәулеттің ата-анаға баланы мектепке дайындауға ьерген осы кеңесі бәріңізге пайдасын тигізеді деп ойлаймыз.

Биылғы оқу жылы 2024 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2025 жылдың 25 мамырында аяқталады.

Бірінші тоқсандағы демалыс 28 қазаннан 3 қарашаға дейін, екінші тоқсандағы каникул 30 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін болады. Сондай-ақ, балалар үшінші тоқсанда  21-31 наурыз аралығында, төртінші тоқсанда 10 ақпаннан 16 ақпанға дейін демалады.