Жедел жәрдем жүргізушісі арақ ішіп, жұмыс істеп жүрген (ВИДЕО)

Дастан Кенжалин

Қызылорда облысы Арал ауданында жедел жәрдем қызметкері мас болып, көлік жүргізгені үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлады Ulysmedia.kz. Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

polisia.kz

АУЗЫНАН ШЫҚҚАН АРАҚТЫҢ ИІСІ АЙНАЛАНЫ АЛЫП КЕТКЕН

Ол  Самара – Шымкент тасжолында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде ұсталған. Құжаттарды тексеру кезінде оның аузынан ішімдіктің иісі шығып тұрғаны білінген. Осыдан кейін жол полициясы күдіктіні медициналық тексеруден өткізіп,  оның арақ ішкенін анықтаған.

Қазір өңірде «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.Акция  6 тамызда басталған. Бүгін акцияның соңғы күні.

Бұған дейін хабарланғандай, Батыс Қазақстан облысында полиция 1,3 млн теңге қарызы бар борышкерді ұстады.