Ақтөбе облысында бірнеше адам қаза тапқаннан кейін «Самара – Шымкент» тас жолында тағы да жантүршігерлік оқиға болды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.
Жол апаты Хромтау бағытындағы Бекқұл баба ауылының маңында болған. Осы жерде жүк көлігі мен шағын автобус соқтығысып, жүргізуші мен бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды.
ТАҒЫ ҮШ АДАМ АУРУХАНАҒА ЖЕТКІЗІЛДІ
Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұловтың айтуынша, «Тойота Ипсон» маркалы автокөлігі Хромтау қаласы мен Ақтөбе қаласының тас жолында соқтығысқан. Жол апатынан көлік жүргізушісі мен оның бір жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Тағы үш адам ауыр жарақатпен Ақтөбе қаласындағы ауруханаға жеткізілді.
Осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұған дейін хабарланғандай, Ақтөбе облысының Хромтау ауданында апат болып, алты адам қаза тапты.