Астанада әйел танысының үйінен ақша ұрлап кеткен

Қалижан Бектемір

Астанада әйел танысының үйінен ақша ұрлаған. Полицейлер анықтағандай, ол жаңа танысының үйіне ұрлыққа түскен, деп хабарлады Ulysmedia.kz. Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

polisia.kz

ЖӘБІРЛЕНУШІ КҮДІКТІНІ БІР КЕСЕ ШАЙҒА ШАҚЫРҒАН

Байқоңыр ауданы Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 34  жастағы әйелді ұстады.  Тергеу кезінде  анықталғандай, күдікті жәбірленуші әйелмен үйдің ауласында кездейсоқ танысқан. Әңгімеден-әңгіме шығып, жәбірленуші әйелді үйіне шақырып, бірге шай ішуді ұсынған. Сол жерде пәтер иесі басқа бөлмеге кеткен кезде күдікті, үйден сөмке мен Infinix телефонын алып, ізін суытқан, - делінген хабарламада.

ӘЙЕЛ ОСЫ СИЯҚТЫ БАСҚА ДА ҚЫЛМЫС ЖАСАУЫ МҮМКІН

Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын 205 мың теңгені болды. Осы оқиғаға қатысты  қылмыстық іс қозғалды. Әйелдің Астанада осы сияқты басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Қазір елімізде ұрлық барлық жерде жасалып жатыр. Қылмыстың беті ашылмай жатқандар да бар. Мысалы, жақында журналист Танакөз Толқынқызы әкесінің жоғалған 100 жылқысын іздеп жүргенін айтты. Ол осы проблеманы шешу үшін барлық телеарналардағы, газет-журналдардағы, сайттардағы және басқа да  ақпарат көздерін ұстап отырған немесе жұмыс істеп жүрген журналист әріптестерімнен көмек сұрады.