Жамбыл облысында әкімдіктегілер 16 жылдан бері мемлекет мүлкін сатып келген

Қалижан Бектемір

Жамбыл облысында әкімдік қызметкерлері мемлекет мүлкін еш қиындықсыз талан-таражға салып келген, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

almaty.tv

Мысалы, Талас ауданы коммуналдық мекеменің өндірістік базасын басшысы заңсыз сатып жіберген. Ол нарықтағы құны 30 млн теңге болатын нысанды небәрі 270 мың теңгеге саудалаған. Коммуналдық мекеме басшысы тіпті ешқандай тиісті конкурс өткізбеген. 

ҚЫЛМЫС 16 ЖЫЛ БОЙЫ АШЫЛМАҒАН

Бір атап өтетін нәрсе, осының бәрін аудан прокурорлары 16 жылдан кейін анықтаған. Қазір экс-басшыға қылмыстық іс қозғалғанымен, деректің ескіруіне байланысты күдікті ешқандай жауапқа тартылмады.

Талас ауданы прокурорының орынбасары Асылхан Тілешовтің айтуынша,

прокурорлық қадағалау актісінің негізінде Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 22 ақпандағы шешімімен сатып алу шарттары жарамсыз деп танылды.

МҮЛІК МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Осы жылғы 22 мамырда апеляциялық саты шешімімен 1-саты шешімі өзгеріссіз қалдырылып, сот актісі заңды күшіне енді. Сәйкесінше мүлік бүгінгі таңда мемлекет меншігіне қайтарылды, - деді ол.

Жақында Жамбыл облысында 6 жыл бойы мемлекет меншігіне алынбай келген сүт фермасы әкімдікке қайтарылды. Мұны Меркі ауданы әкімдігі заңсыз сатып жіберген.