Қарағанды облысында кәсіпкер екі жылдан бері әділдік іздеген

Қалижан Бектемір

Қарағанды облысының прокуратурасы 2 жыл бойы әділдік іздеп келген кәсіпкерге көмегін берді, деп хабарлады  Ulysmedia.kz. Бас прокуратураға сілтеме жасап.

gov.kz

Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Өнеркәсіп және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының қызметіне талдау жүргізді. Бұқар жырау ауданында әкімдік пен компаниялардың бірі арасында құм-қиыршық тас қоспасын өндіруге келісімшарт жасалғаны анықталды. Алайда, кейін әкімдік бұл келісімшартты біржақты тәртіппен тоқтатқан. Шартты бұзудың заңда белгіленген тәртіптері сақталмағандықтан, бұл әрекеттер заңсыз деп танылды, - делінген хабарламада.

БИЗНЕСМЕННІҢ ТАЛПЫНЫСЫ НӘТИЖЕ БЕРМЕГЕН

Құзырлы органның хабарлауынша, кәсіпкер екі жыл бойы әділдік іздеген. Бірақ оның талпынысы нәтиже бермеген.

Прокуратура әкімдіктің заңсыз әрекетіне наразылық енгізіп, ол қанағаттандырылды. Нәтижесінде келісімшартты бұзу туралы бұйрықтың күші жойылып, кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді.

Жақында Түркістан облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы да   Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңсыздықпен айналысқанын анықтаған.

Атап айтқанда, Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы бюджет қаржысын тиімді пайдалану заңдылығын тексеру кезінде мекеме басшылары тарапынан табиғи түрде жабайы жүзген, жыңғыл ағаштары өсіп тұрған жер учаскесіне қандай да бір жұмыстар жүргізілмегеніне қарамастан, 3 мыңға жуық сексеуіл ағаштары отырғызылғанын, жерсінуі 56 % құрағанын және бюджеттен 24 млн астам теңге жұмсалғанын растайтын құжаттарға қол қойылғанын анықтады.