Анасы аутист баласын көзінше ұрған таксисті сотқа берді

Әлихан Асқақ

Желіде аутист баланы ұрған таксистің видеосы тарады. Осы оқиғадан соң баланың анасы таксисті сотқа бергенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
 

ашық дереккөзден

Балам оның көлігіне отырған кезде орындықты былғап алды. Дала жаңбыр еді, аяғы балшық болатын. Мен жүргізушіден кешірім сұрап, былғанған жерді сулы сүрткішпен тазаладым. Сол үшін ол менің баламды ұруға қақысы жоқ еді. Енді сол әрекеті үшін заң алдында жауап береді – деп жазды мүмкіндігі шектеулі баланың анасы.

Ол біздің қоғамда аутист (РАС) балалар үшін инватакси керек екенін айтады.

Осындай жағдайдан соң аутист балалар үшін инватакси керек екенін айтпасқа болмайды. Әйтпесе біздің қоғам мұндай жандарды қабылдауға дайын емес – дейді желі қолданушы ана. 

Оқиға 23 тамыз күні болған. Бірақ әлі күнге істі қарап жатқан ешкім жоқ. Тек әлеуметтік желіге бірнеше видео жүктегеннен кейін ғана құқық қорғау қызметкерлері назар аударған.

Оқиға бір апта бұрын болды. Әлі ешкім саусағының ұшын қозғаған жоқ. Мен әлеуметтік желіге бірнеше рет видео жүктедім. Бірақ көңіл аударған құзырлы орган жоқ – деп жазды ашынған әйел.

Ол әлеуметтік желіде жариялаған видеоларының бірінде жүргізушінің ұлын ұрғаны туралы барлық дәлел барын айтады.