Парламентте журналистер ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлынан Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы жабық мекеме, ешқандай баспасөз мәслихатын өткізбейтінін, сол себепті мекемеге қатысты сұрақтар өте көп екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Наурызбай қажының жауабы
Біз жылда екі рет үлкен баспасөз жиынын өткіземіз: Құрбан айт және Ораза айттың алдында. Біз ешқандай жабық мекеме емеспіз. Ашықпыз. Бізге көптеген сұрақ келеді БАҚ-тан. Аллаға шүкір, кез келген сұрақтың бәріне жауап беріп жүрміз, – деді ҚМДБ төрағасы.
Ризабек секілді имамдар «Докторантура, магистратура оқып не қажеті бар, о дүниеге барғанда сұрамайды ғой» деп айтады. Қоғамның ашу-ызасы өте жоғары. Имамдар неге аузына келгенін айта береді?» деп сұрады журналист.
Ислам – білімге шақыратын дін
Жақында ғана, жұма намазында бүкіл республика бойынша мешіттерде білімге қатысты уағыз болды. Ислам діні білімді қолдайды, соған үндейді, білімге шақыратын дін. Мұны еш уақытта ұмытпауымыз керек. Құранның алғашқы аяты «оқы» деп басталған. Құранда білім-ғылымға қатысты көптеген аят бар. Пайғамбарымыздың өте көп хадисі бар. Сонда білімді адамның Алланың алдында дәрежесі жоғары болады деп айтады, – деп жауап берді бас мүфти.