«Самара-Шымкент» тас жолында болған апаттан жүргізуші көз жұмды

Ulysmedia

«Самара-Шымкент» автожолындағы жол апатынан жеңіл көлік жүргізушісі көз жұмды, – деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Polisia.kz

Polisia.kz-ның мәліметінше, 25 қараша күні сағат 11:30-да «Самара-Шымкент» автожолының 932 шақырымындағы Белқопа кентінің жанындағы жол апаты болды. Honda автокөлігінің жүргізушісі арақашықтықты есептемей, баса озу маневрын жасап, нәтижесінде DAF (фура) жүк автомашинасымен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Honda автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, жүргізуші түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды.