«Ақыл жоқ кезде үйлену керек»: Ұлықпан Жолдасов жастарға кеңес берді

Қалижан Бектемір

Әнші, композитор Ұлықпан Жолдасов «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында жастарға қай кезде үйлену керек екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Оның сөзінше, өзі 17 жасында шаңырақ көтерген.

Оқи отырыңыз: «Рақмет саған, мама» дедім»: Сәбит Әбдіхалықов Айгүл Иманбаева тойға шақырмағанын айтты

17 жасымда үйлендім. Сол 17 жасымда жұмысқа кірдім. Қазіргілер шаруасын жасайды, оқиды, тоқиды. Одан кейін жағдайын жасайды. Сөйтіп жүргенде қартаяды. Одан қыз таба алмайды, таңдап қалады. Біз бірінші кездестік, ешқандай ой жоқ, дүниеде шаруа жоқ, тек үйлену. Сол дұрыс, ақыл жоқ кезде үйлену керек. Яғни, сен көрген адамыңа ғашық болдың, болды. Басқа ештеңе ойламайсың. Үй жағдайы бола ма, болмай ма, маңызды емес, сен ғашықсың, болды, - деді Ұлықпан Жолдасов.