Нұр-Сұлтанда екі автобус соқтығысып, жолаушылар ауруханаға жеткізілді

Ulysmedia

Елордада екі автобустың соқтығысуы салдарынан жолаушылар зардап шекті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

«26 қарашада №20 Iveco маршруттық автобусының 40 жастағы жүргізушісі Оқжетпес көшесі жағынан Байсейітов көшесі бойымен Фахд бен Абдулл Азиз көшесіне қарай келе жатып, рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен және №39 автобуспен соқтығысып қалған. Ол автобусты 50 жастағы жүргізуші жүргізген», - делінген қалалық полиция департаментінің хабарламасында.

Оқиға салдарынан әртүрлі дене жарақатын алған жолаушылар ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетсек, 25 қарашада елордада жауған қар салдарынан жолдарда кептеліс пайда болып, қоғамдық көліктер мен жеңіл көліктердің қозғалысы тоқтап қалған болатын. Таңертеңнен бастап көптеген қала тұрғындары жұмысқа уақытында келе алмады, өйткені автобустың көбі жолға шықпады.