Желіде итті аяусыз ұрған Алматы тұрғынының видеосы тарады

Ulysmedia

Алматы тұрғыны үй подъездінің алдында итті аяусыз ұрды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Скриншот

Итті аяусыз ұрғаны туралы көріністі Facebook қолданушысы жариялады. Видеодан ер адамның иттің басынан бірнеше рет тепкенін көруге болады. Ер адамның соққысынан ит жерге бір аунап түсті. Ер адам қанша ұрып, тепкілесе де ит басын бұғып тұра берді. Видео «Асыл Тау» тұрғын үйінде түсірілгенің аңғаруға болады.