Туристік ақпараттық орталық Алматыға 20 шетелдік блогерді алып келмек, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде жарияланғандай, шетелдік блогерлердің жолақысы төленіп, бес жұлдызды қонақүйде орналастырлады және Алматы облысы мен Алматы қаласының әдемі жерлеріне алып барады. Оларға ұлттық тағам әзірлеуді үйретіп, қайтар кезде естелік сыйлықтар беріледі. Осыған 28,5 миллион теңге жұмсалады.
«Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтан қаланы қай блогерлер жарнамалайтыны және блог-тур қашан басталатыны туралы сұрадық. Тізімде блогерлер ғана емес, журналистер де бар болып шықты. Румынядағы Қазақстан елшісі Корина Мартин де бар. Олар осы айдың соңына дейін Алматыға келіп үлгеруі керек, Тізімдегілердің әлеуметтік желілеріне кіріп қарадық. Оларға жазылғандардың 5-10%-ы ғана белсенді», - деп жазылған хабарламада.