Испанияда әйелдер арасындағы гандболдан әлем чемпионатында ұйымдастырушылар Қазақстанның ескі әнұранын қосып қателескенімен, ұлттық құрама мүшелері оған тосылмай, қазіргі әнұранды өздері музыкасыз шырқап шықты деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сонымен қатар, отандық спортшы қыздар Иран құрамасын жеңіп, әлем чемпионатының негізгі кезеңіне өтті.
«Міне патриотизм, менің түсінігімде, осындай қарапайым қадамдардан тұрады. Әнұранымызды шатастырып алған ұйымдастырушыларға біздің қыздар, қарап қалмай, әдемі жауап берді!!!! Осындайда мемлекеттік әнұранды айқайлап тұрып айтпағанда, қашан айтасың!!! Жарайсыңдар қыздар!», – деп жазды белгілі журналист, өзі мемлекеттік тілді насихаттап жүрген Максим Рожин.