Алматыда жасөспірім тұрғын үйдің 20-қабатынан құлап кетті

Ulysmedia

«Манхэттен» тұрғын үй кешенінде мектеп оқушысы 20-қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 11 желтоқсан күні таңғы сағат 8:15 шамасында болған.

Куәгерлер бала шамамен 16 жаста екенін айтуда. Оқиға болған жердің маңынан дәптерлер салынған сөмке табылған.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге апару) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмыстық істі Алмалы аудандық полиция басқармасының бөлімі тергеп жатыр.