БҚО-да орман шаруашылығы инспекторы қаза тапты

Ulysmedia

БҚО аумақтық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Қайғылы жағдайды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі растады.

«Теректі ауданы, Ақжайық ауылынан шамамен 10-12 шақырым қашықтықта 02.07.1977 жылы туған БҚО аумақтық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Серік Сағындықұлы Маженов абайсызда қолданған қарудан көз жұмды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Алайда министрліктің баспасөз қызметі марқұмның өлімінің нақты себептерін көрсетпеді. Браконьерлер шабуылы себеп болды ма деген журналистер сауалын да түбегейлі жоққа шығармады.

«Қазір тергеу жүріп жатыр, қосымша хабарлаймыз», – деді баспасөз қызметінің өкілі.