Алматыда аутизм орталығы ашылды

Ulysmedia

Алматыда «Асыл Мирас» аутизм орталығы ашылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Орталықтың аумағын ұлғайтудың арқасында жылына 300-ге жуық отбасы бейімдеу бағдарламаларымен қамтылады. Орталық интервенцияның алты бағдарламасы бойынша жұмыс істейді, олардың әрқайсысы әлеуметтік, сөйлеу және тұрмыстық дағдылардың тапшылығын анықтауға және жоюға бағытталған.

Балаларға ынтымақтастық, сөйлеуді түсіну, визуалды қабілеттер мен өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін студиялық пәтердің кішірек нұсқасы болып табылатын өмірлік дағдыларды дамыту кабинеті жабдықталған. Сондай-ақ, ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін 30 орынды конференц-зал бар. Орталықтың барлық қызметтері тегін көрсетіледі.