Оларға тиісінше 2 жыл 6 ай және 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды (Қыдырәлиеваның кәмелеттік жасқа толмаған 4 баласы, оның ішінде 1 емізулі баласы болғандықтан жазасы кейінге қалдырылды).
Құрманбай жалған әділетсіз сот актілерін шығарғаны және қызметтік жалғандық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Қыдырәлиева сыбайластығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
«Мәселен, Құрманбай сот отырыстарын нақты өткізбестен, сондай-ақ жалған мәліметтер енгізу арқылы 12 азаматтық іс бойынша (тұрғын үйлер мен жер телімдерін сатып алу-сату мәмілелерін жарамды деп тану туралы) шешім шығарған.
Сотталушылардың жас балалары болғандықтан, сот Құрманбайдың жазасын 5-тен 2,6 жылға дейін, Қыдырәлиеваның жазасын 4-тен 2 жылға дейін жеңілдететін жағдай деп таныды. Сондай-ақ, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды», – дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.
Құрманбай сот залында қамауға алынды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетсек, Гүлнұр Құрманбаев бұған дейін бастығы оған дөрекі түрде қырындап, ар-намысына тигенін айтқан еді. Іске танымал блогер Айгүл Орынбек араласып, судьяның қуғындауға ұшырағанын мәлімдеді.
«Маған Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы судья Гүлнұр Құрманбай хабарласып, өзінің басшылық тарапынан қудалауға ұшырағанын айтты. Атап айтқанда, аудандық сот төрағасы жалғызбасты әйелді өзінің ойнасы болуға итермелеген. Мұндай іс-әрекетке бармайтынын айтқанда оны аяқтан шалудың басқа амалдарын қарастырады. Яғни, пара алуға шақырады. Судья Гүлнұр Құрманбай бұған да келіспей, жан жақтан қысым көбейген соң, өз еркімен бала күтіміне байланысты демалысқа шығып кетті. Ал видеодан байқаған боларсыздар (қазіргі уақытта көрсетілме тұр – ред. еск.), Гүлнұр ханым демалыста жүргенде оның аяқталмаған істеріне жалған түрде судьяның қолын қойып, істі заңсыз жүргізіп отырған", - деп жазды сол кезде Айгүл Орынбек.
"Маған Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы судья Гүлнұр Құрманбай хабарласып, өзінің басшылық тарапынан қудалауға ұшырағанын айтты. Атап айтқанда, аудандық сот төрағасы жалғызбасты әйелді өзінің ойнасы болуға итермелеген. Мұндай іс-әрекетке бармайтынын айтқанда оны аяқтан шалудың басқа амалдарын қарастырады. Яғни, пара алуға шақырады. Судья Гүлнұр Құрманбай бұған да келіспей, жан жақтан қысым көбейген соң, өз еркімен бала күтіміне байланысты демалысқа шығып кетті. Ал видеодан байқаған боларсыздар, Гүлнұр ханым демалыста жүргенде оның аяқталмаған істеріне жалған түрде судьяның қолын қойып, істі заңсыз жүргізіп отырған", - дейді заңгер. Айгүл Орынбек бұл жерде әйел құқығының аяққа тапталғанын айтып, мұндай мәселе біздің қоғамда көп екенін, тек, ашып айтуға тайсалмайтындардың аздығын алға тартады. Тағы да оқыңыздар:
https://kaz.nur.kz/society/1888210-ojnasy-boluga-itermelegen-tanymal-zager-bassylyktan-kysym-krgen-sudany-zanajkajyn-ajtty/

Ал Шиелі аудандық сотының төрағасы Марат Күздеубаев қарамағындағы келіншек оған қызметтік тексеріс жүргізгені үшін жала жауап жатыр деп ақталды.