Марат Омаров Дональд Трамп ұйымдастырған концертке барды

Ulysmedia

Қазақстандық композитор Марат Омаров экс-президент Дональд Трамптың бастамасымен өткен қайырымдылық концертіне барды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы әнші Almaty.tv тілшісіне айтты. Омаровтың айтуынша, Тәуелсіздіктің мерейтойына орай 16 желтоқсанда Қазақстанның мемлекеттік туы алғаш рет Филадельфияда көтеріліп, Нью-Йорк, Майами, Сан-Франциско, Хьюстон және Нью-Джерси қалаларында мерекелік шаралар өтеді.

Марат Омаров ағылшын тіліне аударылған «Коронавирус, кет!» әнімен өткен жылдың тамыз айында АҚШ-та өтетін қайырымдылық концертіне шақырылған болатын. Пандемияға байланысты іс-шара кейінге шегерілген болатын.

Сондай-ақ, ол Инстаграм парақшасына Нью-Йорк қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап жатқан видеожазба жариялады.