Нұр-Сұлтан әкімдігі Кіші Талдыкөл көлдер тобын қорғау жөніндегі бастамашыл топқа бейбіт митинг өткізуге рұқсат етпеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
SOS Taldykol 18 немесе 19 желтоқсанда өтетін митинг туралы хабарламаны әкімдікке тапсырған.
Белсенділердің айтуынша, 13 желтоқсанда олар шешімді жариялау үшін әкімдікке шақырылған. Отырыс барысында ІІД басшылығы митинг өткізуге рұқсат етпеудің себебін көлдерді қорғауды саясатқа айналдырумен және «шеруге деструктивті элементтердің қатысуы ықтимал» деп түсіндірді. Олар келісімге келу мақсатында Алтай Көлгіновтің қабылдауында болу мүмкіндігін ұйымдастыруға уәде берді.
Ал 14 желтоқсандағы жауапта ведомство астанадағы цирктің 16-19 желтоқсан күндеріне спектакль қоюды жоспарлап отырғанын, соған байланысты басқа шараларды өткізбеуді сұрайды. Алайда 16 желтоқсанда цирктің Instagram парақшасында 18-19 желтоқсанға қандай бағдарлама жоспарланғаны туралы сұраққа шаралар 25 желтоқсаннан басталатынын мәдімдеген.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының шешімі бойынша, «Столичный» циркінің жанындағы ойын алаңы – қаладағы бейбіт жиындарды өткізуге рұқсат етілген үш орынның бірі.
2020 жылдың шілде айында елорда тұрғындары Есіл ауданындағы Кіші Талдыкөл көлдері тобының топырақпен белсенді түрде жабылғанына назар аударды. Карантин кезінде қала құрылысы кеңесі жоспарды бекіткені белгілі болды. Соған байланысты алдағы уақытта көл құрғатылады.