Қазақстан қор биржасы (KASE) 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,70 теңгеге қымбаттап, 436,24 теңгені құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Кейбір ақша айырбастау орындарында долларды сату 440 теңгеге жетіп, еуроны сатып алу/сату 492,5-495 теңгеге, рубль – 5,92-6,00 теңгеге өсті.
Ал 20 желтоқсандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.
WTI маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстері 3,31%-ға арзандап, барреліне 68,38 долларды құрады. Brent маркалы мұнайдың ақпандағы фьючерстері 2,95%-ға төмендеп, барреліне 71,34 долларды құрады.