Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-қазанда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 8300 адамды, елімізден кеткендердің саны 27723 адамды, көші-қонның айырымы - 19423 адамды құрады, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 84,4% және 85,9% құрады.
Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 2020 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 5,3%-ке азайды. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Нұр-Сұлтан (25086 адам), Алматы (24351 адам), Шымкент (9459 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (238 адам).