Алматы-Қорғас тасжолында 17 көлік соқтығысты

Ulysmedia

Алматы-Қорғас тасжолында 17 көлік апатқа ұшырады. Әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы тарады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде Алматы облысындағы ірі жол апаты орын алған тас жолдың видеосы жарияланды.

Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Алматы-Қорғас автожолының 134-ші шақырымында сағат 10:00 шамасында болған.

«Ауа райының қолайсыздығы салдарынан 17 автокөліктің қатысуымен жол апаты болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам зардап шекті, олар Шелек ауылындағы облыстық ауруханаға медициналық тексеруге жеткізілді. Оқиға орнында патрульдік полиция қызметі жұмысын жалғастыруда. 84-тен 136-шы шақырымға дейінгі жол бөлігі көлік қозғалысы үшін жабылды», - делінген баспасөз хабарламасында.