Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 4 адам қайтыс болды

Ulysmedia
Фото: ашық дереккөз

Өткен тәулікте 56 адамнан коронавирус пневмониясы анықталып, 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 311 адам аталмыш дерттен сауығып шықты.

2020 жылдың 13 наурызынан бері коронавирус пневмониясынан жазылғандар саны 84007 адамға жетті. Сондай-ақ 5211 адам қайтыс болып, жазылып шыққандар саны 76701-ді құрады.