Шымкент тұрғыны мемлекетке 1 млрд теңге залал келтіргені үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, Кәсіпкер 4 жылға бас бостандығынан айырылып, 10 жылға кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
«Салық төлеуден жалтару мақсатында кәсіпкерлерге жалған шот-фактура жазып берген азамат А.Махатаевтың заңсыз әрекетінің жолы кесілді. 2017-2020 жылдар аралығында ол өзінің туыстары мен достарының атына 14 кассалық бизнесті тіркеген», - делінген хабарламада.
Бұл кәсіпорындар контрагенттерге төлемдерден жалтаруға көмектесу үшін және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз құрылған.
Келтірілген шығын сомасы мемлекет кірісіне айналдырылды.