Бибісара Асаубаева шахматтан Әлем чемпионы атанды

Ulysmedia

Бибісара Асаубаева шахматтан Әлем чемпионы атанғаны туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің Facebook парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Фейсбук

Бибісара Польшада өтіп жатқан Әлем біріншілінде «рапидте» екінші орын иегері атанған болатын.

«Ал бүгін қазақстандық шахматшы аталмыш жарыста «блицте» алдына жан салмай жеңіс тұғырынан көрінді. Отандасымызды жарқын жеңісімен құттықтаймыз!», - делінген хабарламада.