Алматы облысының тұрғындары қар барысын суретке түсіріп алды

Ulysmedia

Алматы облысындағы «Алтын-Емел» ұлттық паркі маңында барысты суретке түсіріп алды. Бұл туралы эко-белсенді Сәкен Ділдахмет Instagram парақшасына жазды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: instagram/sakendildakhmet

«Мен бүгін керемет жаңалық естідім. «Алтын-Емел» ұлттық саябағының маңында барыс жүрген. Жергілікті тұрғындар бүгін смартфон камерасына түсіріп, ұлттық парк және табиғатты қорғау мекемелерінің инспекторларына хабарлады.

Моңғолияда қар барыстарын далада жиі кездестіруге болады. Бұл қалыпты жағдай. Олар тамақ іздеу үшін өте алыс жаққа қоныс аудара алады. Әдетте бұл жануарлар арқар, ешкі және басқа да тұяқты жануарларды аулайды.

Жергілікті тұрғындар жарады, бегенмен бір «бірақ» бар. Өткен жылы Экология министрлігі ұлттық парктің жер телімдерін ұзақ мерзімге жалға берді. Ол жерде құлан, қарақұйрық, барыс мекендейді. Мирзағалиевке ұлттық парктегі осындай тәртіпсіздік үшін рахмет!», - деп жазды Сәкен Ділдахмет.

Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі — Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан ұлттық табиғи саябақ.

Жер көлемі - 520 мың гектар. Саябақ аумағында туристерді қатты қызықтыратын бірегей табиғи құрылымдар және байырғы тарих ескерткіштері орналасқан.

Өткен жылы бұл аумақта бірнеше қар барысы фототұзаққа ілінген болатын.