Қазақстанда 5 мыңнан астам адам ұсталды

Ulysmedia

Қазақстанда ұсталғандардың саны 5 135-ке жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz . 

Фото: Ашық дереккөзден

Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының эфирінде Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаевқа сілтеме жасап хабарлады.

“Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Тұрғымбаев елдегі тәртіпсіздіктің жай-жапсарын айтты. Алматыдағы жағдайға тоқталған Ерлан Тұрғымбаев жиналғандардың ешқандай талап қоймағанын, келіссөздерге бармағанын айтты. 5 мыңнан астам адам ұсталды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге күш қолдану, бұзақылық, кісі өлтіру, тонау мен ұрлық бойынша фактілері бойынша 125 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталғаны атап өтілді.